«Виртуалды агрессия және БАҚ-тың жастарға әсері»

      Комментарии к записи «Виртуалды агрессия және БАҚ-тың жастарға әсері» отключены

«Кешкі кітапхана» жобасы аясында 2022 жылдың 20 шілдесінде Тереңкөл ауылының аудандық кітапханасында «Виртуалды агрессия және БАҚ-тың жастарға әсері» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауыл жастары , сондай-ақ № 1 ЖОББМ психологы Мирманова Алма Балтабекқызы қатысты. Іс-шара барысында психолог :баланың БАҚ және компьютермен өзара әрекеттесуін талдауға тарту,осы факторлар баланың эмоционалды саласына, оның мінез-құлқына және құрдастарына деген көзқарасына қалай әсер ететінін түсінуге әкелуін түсіндірді. Сонымен қатар өз сөзінде психолог балалардың агрессивті мінез-құлқының пайда болу себептері туралы, баланың эмоционалды саласына және оның мінез-құлқына тәрбие стилінің әсерін түсінуге көмектесу туралы айтып, БАҚ пен компьютердің балалардың агрессивтілігіне әсері туралы ақпаратпен бөлісті.
Іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Виртуалды агрессия және БАҚ-тың жастарға әсері» тақырыбына арналған презентация ұсынылды.