«SMM құралдары: онлайн қызметтер мен қосымшалар»

      Комментарии к записи «SMM құралдары: онлайн қызметтер мен қосымшалар» отключены

9 маусым күні аудандық кітапханада С.Торайғыров атындағы ОӘҒК қызметкерлерімен «Кәсіби шеберлік мектебі» аясында Тереңкөл аудандық орталық кітапхана қызметінің кітапханашылары үшін шеберлік сабақтарының циклін ұйымдастырды.
Сондай-ақ, барлық ниет білдірушілер үшін екі алаң ұйымдастырылды. «Кітап және қаламгер» жобасы аясындағы алаңдардың бірінде балалар ақыны, мысалшы, прозашы, Республикалық журналистика байқауының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бевз Людмила Николаевнамен кездесу өтті.
Екінші алаң «Business communitu» жобасы аясында ауыл жастары үшін ұйымдастырылып, «Жоспарлау әдістері мен құралдары» атты ашық дәріс өткізілді, баяндамашы маркетолог Шаймұратов Мәди болды.
А. Мырзағалиева автоматтандыру және кітапханалық процестер бөлімінің меңгерушісі «SMM құралдары: онлайн қызметтер мен қосымшалар» атты тақырыпта шеберлік сабағы өтті. ОӘҒК әдіскері Боромбаева Б.Қ. кітапханашыларға балаларға арналған «Оқырман кітап іздеуде» жобасын жасау және жүзеге асыру бойынша оқытылды. Семинар соңында С.Торайғыров атындағы ОӘҒК орынбасары Байжанова Б.Б. кітапханашыларға сертификаттар табыстады.

https://www.instagram.com/p/CenBI1koUEH/?utm_source=ig_web_copy_link