Өлкетану сағаты «Отан деген не?»

      Комментарии к записи Өлкетану сағаты «Отан деген не?» отключены

Балалар бөлімінде күзгі демалыстың алғашқы күнінде  «Отан деген не?» атты өлкетану сағатын өткіздік. Іс-шараның мақсаты туған өлкені зерттеуге қызығушылықты қалыптастыру; туған өлкенің тарихына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Кітапханашы балалармен бірге өлке және аудан тарихы беттерінде шағын саяхат жасады. Біз Тереңкөл ауданының қандай ауылдардан тұратынын, оның аумағында қанша халық тұратынын білдік, кітапханашы «мен тұратын ауыл» атты бейне-серуен өткізді, ауылдың көрікті жерлері мен ескерткіштерін көрсетті, ауданның мақтанышы мен абыройына айналған адамдар туралы әңгімеледі. Қазақстанның кез келген бұрышындағы сияқты, біздің ауданда да барлығы мақтан тұтатын жерлестер бар. Іс-шара барысында балалар ауданның жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы көп білді. Викториналық сұрақтар қойылып, балалар бар ынталарымен жауап берді.