«Күзгі жапырақтар блюзі»

      Комментарии к записи «Күзгі жапырақтар блюзі» отключены

23 қыркүйек күні аудандық кітапханада қарттар күніне арналған «Күзгі жапырақтар блюзі» атты кеші өткізілді.

Іс-шараны жүргізушілер құттықтау сөзімен ашты. Осы мереке күні ардагерлерге құттықтаулар мен ізгі тілектерден әдемі күзгі гүл шоғын жинады.

Еңбек ардагері Л.И. Балютина, Н.А. Кушнаренко, кітапхана ісінің ардагерлері С. Ж. Мадина құттықтау сөз сөйледі. Спорт ардагері және жергілікті ақын Е.Ф. Бочаров күз туралы бірнеше өлең оқыды. Қатысушылар «Күзгі сыйлықтар» көрмесіне қатысып, гүлдер мен көкөністерден композициялар ұсынды. Көрме қатысушыларына естелік сыйлықтар табыс етілді.

Кешті аудандық мәдениет үйінің әншілері М. Ахметова, Қ. Нұрғалиевтің орындауында музыкалық нөмірлер көркемдеді.Іс-шараға «Күздің жасы керемет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға еңбек ардагерлері, кітапхана оқырмандары жиналды. Кездесу  мейірімді және ұмытылмас жарқын болды.