«Қазағымның қазынасы – домбыра»

      Комментарии к записи «Қазағымның қазынасы – домбыра» отключены

Ұлттық домбыра күніне орай аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімі мен балалар бөлімі «ALDASPAN» жастар орталығында ең ежелгі , ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап домбыраға арнап «Қазақтың жүрегінде домбыра үні естіледі» атты әдеби музыкалық сағат өткізді.
Іс- шара барысында жастарға домбыраның шығу тарихы жайында қысқаша мағлұмат беріле отыра бейне баян көрсетілді. Өзінің әсем әуенімен, қоңыр үнді дауысымен Нұрғалиев Каир Шаймарданұлы домбырамен ән шырқап,тыңдармандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қорытындылай келе «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты кітап көрмесімен таныстырылды.