Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туды пайдалану жөніндегі өзгерістер

      Комментарии к записи Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туды пайдалану жөніндегі өзгерістер отключены

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туды пайдалану жөніндегі өзгерістер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 801 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Мемлекеттік Туды пайдалану саласы заңнамалық түрде кеңейтілді. Атап айтқанда, енді ҚР Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын осы Қағидаларға сәйкес орналастыру кезінде заңды тұлғалар бір қабатты және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлік нұсқада ғимараттың сәулеттік ерекшеліктерін ескереді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс екенін ескеру қажет. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік туды ұлттық стандарт талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында белгіленген нысан, мөлшер мен техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкессіздіктер болып табылады. Мемлекеттік Ту ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға тиіс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дайындауға лицензиясы бар ұйымдар мен кәсіпорындар ғана мемлекеттік туды дайындауға құқылы.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетінің
Павлодар облысы бойынша департаменті

Изменения по использованию Государственного флага Республики Казахстан

Постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 ноября 2020 года № 801 внесены изменения в Правила использования (установления, размещения) Государственного флага, Государственного герба Республики Казахстан и их изображений, а также текста Государственного гимна Республики Казахстан, утвержденные Постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2007 года № 873.

В результате внесенных изменений законодательно расширена сфера использования Государственного флага для граждан Республики Казахстан. В частности, теперь Государственный флаг РК может использоваться (устанавливаться, размещаться) физическими и юридическими лицами в зданиях (жилых и нежилых помещениях), в том числе на балконах и в местах проведения торжественных мероприятий в целях выражения патриотических чувств, казахстанской идентичности, поддержки достижений страны, ее граждан.

При размещении Государственного Флага Республики Казахстан в соответствии с настоящими Правилами юридическими лицами в экстерьерном варианте на одноэтажном и (или) многоэтажных зданиях учитываются архитектурные особенности здания.

Также нужно учесть, что Государственный флаг Республики Казахстан независимо от его размеров должен соответствовать национальному стандарту. Не допускается использование Государственного флага физическими и юридическими лицами с нарушением требований национального стандарта. В свою очередь несоответствиями национальным стандартам являются нарушения формы, размеров и технических требований, установленных Государственному флагу Республики Казахстан. В случае несоответствия Государственного флага национальному стандарту он подлежит замене и уничтожению в порядке, определяемом Правительством РК. Изготавливать Государственный флаг вправе только организации и предприятия, исключительно имеющие лицензии на изготовление государственных символов Республики Казахстан.

Департамент Комитета технического
регулирования и метрологии
Министерства торговли и интеграции РК
по Павлодарской области